Онкологтарға, учаскелік терапевттерге және жалпы тәжірибелік дәрігерлерге, тексеру кабинеттеріне, арнайы мамандарға арналған онлайн семинар

Астана қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медицина орталығы» ШЖҚ МКК базасында 2022 жылғы 20 қыркүйекте сағат 16.00-де онкологтар, учаскелік терапевтер және ЖТД, тексеру кабинеттері, арнайы мамандар үшін онлайн семинар өткізілді. Көпсалалы медицина орталығының гинекологы

Ш. Болатова баяндама жасады.

Қатысқандар саны – 38 адам

Онкологияда инновациялық технологияларды енгізудің көрінісі және тәжірибесі» тақырыбында халықаралық қатысумен онлайн және оффлайн режимінде ғылыми-тәжірибелік конференциясы

«Онкологтар  мен радиологтардың  альянсы» қоғамдық бірлестігі және Астана қаласы әкімдігінің «Көпсалалы  медицина орталығы» ШЖҚ МКК-да,  2022 жылғы 27-28 қазанда «Онкологияда инновациялық технологияларды енгізудің көрінісі және  тәжірибесі» тақырыбында халықаралық қатысумен онлайн және оффлайн режимінде ғылыми-тәжірибелік  конференциясын  өткізуді жоспарлауда, Бұл конференция орталықтың 70 жылдығына арналған  

Онкологиялық ауыру - бұл денсаулық сақтаудың маңызды мәселесі және қатерлі ісіктерді диагностикалаудың, емдеудің жаңа әдістерін зерттеудің іргелі тәсілінсіз олармен күресу мүмкін емес.

Адамзат денсаулығына ең ауыр қауіп-қатердің бірімен күресте жаңа тәсілдерді әзірлеу үшін, оларды әзірлеу тәжірибесіне енгізе отырып, ғылымның әртүрлі салаларындағы ғалымдардың күш-жігерін біріктіру қажет,

          Біз молекулярлық-генетикалық зерттеулерді дамытуға, сәулелік диагностиканың келешекті әдістерін енгізуге, сондай-ақ тиімді дәрілік заттар өндіруге мүдделіміз.

Конференция бағдарламасы онкологиялық ғылым мен тәжірибенің ең заманауи мәселелері мен жетістіктерін, онкохирургия, сәулелік терапия бойынша шеберлік - тобын қамтиды.

 

Өткізілетін  орны: Астана қаласы, АО «НК «QаzЕxpoCоngress», Сауран 44

Онкологиялық аурулармен күресу туралы конференция

«Көпсалалы медицина орталығы» ШЖҚ МКК - да  дәрігерлерге арналған конференция өткізілді, онда Ақтау қаласындағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты өткізген онкологиялық аурулармен күресу жөніндегі кешенді жоспар іс-шараларының Жол картасын орындау шеңберінде үйлестіру кеңесі бойынша ақпарат ұсынылды.

2022 жылғы 1 жартыжылдықтағы онкологиялық көмек қызметінің қорытындысы бойынша Астана қаласы Көпсалалы медицина орталығы  директорының орынбасары Б. Мұстафина сөз сөйледі, Қазақстан Республикасында жатыр мойыны обырының, эндометрия обырын, аналық без обырын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларының жаңартулары, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты жүргізетін және аналық без обыры, сүт безі, қатерлі ісік бойынша жүргізілетін ағымдағы ғылыми зерттеулер туралы мәліметтер баяндалды.

Онкохирургиядағы FAST TRACT

Онкологиялық көмектің сапасын жақсарту мақсатында, Астана қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медицина орталығы» ШЖҚ МКК 2022 жылғы 9 сәуірде «Онкохирургиядағы FAST TRACT» Тақырыбы бойынша ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізілді. Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Б.  Оразбеков, профессор Б. Тайлақов, Анестезиология реанимация бөлімінің меңгерушісі Е. Құлұспаев қатысты, баяндамалар тыңдалды

Қатысушылар саны 43 қызметкер.

Қарар қабылданды және емделушілерге медициналық тарихына деректерді енгізу бойынша нұсқаулықтар бекітілді.

Қазіргі заманғы паллиативті көмек жүйесі

2022 жылғы 13 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медицина орталығы» ШЖҚ МКК базасында «Паллиативтік көмектің заманауи жүйесі», Астана қаласының тұрғындарына онкологиялық көмек көрсетуді стандарты ұйымдастыру тақырыбы бойынша, МСАК  бас дәрігерлерінің емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін оффлайн режимінде. «Онкологиялық емделушілерге бағыттау», «Онкологиялық көмектің қолжетімділігі» және «Ахуалдық орталық» конференция өткізілді

Спикерлер:

1.Көпсалалы медицина орталығының ісік терапиясы және паллиативтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі С.  Қожағалиева;

2.Амбулаториялық - емханалық қызмет басшысы К. Құсайынов;

3.Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Б. Оразбеков;

4.DAMUMED ахуалдық орталығының өкілі  С.Абрамович ;

Қатысушылар саны -37 адам