«Ашық есік күні»

2022 жылғы 28 наурызда сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін Астана қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медицина орталығы» ШЖҚ МКК-да онкохирург дәрігер Д. Удовенко, Ж Құралбаев колоректальды қатерлі ісік туралы  айлығы  «Ашық есік күні» өткізілді , сондай-ақ  гинеколог дәрігерлері Ф. Септенова ,  М. Медеубаева  дүниежүзілік «Адам паппилома вирусына» қарсы күрес күнін өткізді.           

Барлық әйелдерді тегін тексеруге шақырылды, яғни қабылдау және тексеру, жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі және медициналық көрсеткіштер бойынша онкоцитологияға жағындылар алынды.

Кеңес  алған емделушілер саны-101 адам. Олардың ішінен алғаш рет анықталған: қатерлі ісік (оның ішінде күдік) – жоқ, басқа ауру-6.

Зерттеу жүргізілді: жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеу-9. Цитология-11.

 

Сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу және ерте анықтау бойынша «Ашық есік күні» өткізілді

2022 жылғы 15 қазан сағат 9-00 - ден 13-00-ге дейін Астана қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медицина орталығы»  ШЖҚ МКК сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу және ерте анықтау бойынша «Ашық есік күні» өткізілді. Көпсалалы медициналық орталықтың жетекші мамандары қабылдады.

  • Астана қаласының тұрғындары тегін тексеруге шақырылды яғни, медициналық көрсеткіштер бойынша онкоцитологияға ультрадыбысты қабылдау және тексеру жүргізілді .
  • Кеңес алған пациенттер саны-92 адам.Олардың ішінде алғаш рет алдын – ала емдеу-8, басқа ауру-50.
  • Органдардың УДЗ-46. Цитология-16 зерттеу жүргізілді.

Дүниежүзілік денсаулық күні

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Көпсалалы  медициналық орталығы» емханасында, 2022 жылдың 4-8 сәуір аралығында Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған денсаулық апталығы аясында консультативтік қабылдау күні өткізілді.Көпсалалы   медициналық орталығының маманы онкохирург - Ж.Е. Құралбаев қабылдады. Тексерілуден өткендер саны - 78  адам.

Денсаулық апталығы

7 сәуір Дүние жүзілік күніне орайластырылған "Денсаулық апталығы" аясында барлық ниет білдірушілер үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің " Көпсалалы медицина орталығы" ШЖҚ МКК емханасында ақысыз қабылдау және кеңес өткізіледі.

Онкохирург маманы Ж.Кұралбаев қабылдау уақыты 2022 жылғы 4-8 сәуір аралығында сағат 15:00 - ден 17:00 ге дейін өткізіледі. Қосымша ақпаратты мына телфондар арқылы білулеріңізге болады: 54-20-05,54-88-83.

Мұғалімдерге арналған оффлайн семинар

Дүниежүзілік адам папиллома вирусымен (АПВ) күрес күніне арналған айлық аясында 2022 жылдың 28 наурыз күні сағат 11-00де Нұр-Сұлтан қаласында № 38-мектеп гимназиясында  мұғалімдерге арналған оффлайн семинар жүргізілді тақырыбы: «Адам папиллома вирусы».Көпсалалы медициналық орталығының жоғарғы санатты дәрігер гинеколог  Әлібекова Б.С қатысуымен өтті. Қатысушылар саны - 130 адам.