Мақсаты мен міндеттер

Қала онкология қызметінің мақсаты:

Қатерлі ісіктердің ерте диагностикасын нәтижелерін және алдын алуды әрі қарай жақсарту, қала халқына жалпыға қол жетімді, уақытылы және жоғары мамандандырылған  онкологиялық қызметті қамтамасыз ету.

Қала онкология қызметінің тапсырмалары:

  • халықтын ұйымдасқан және ұйымдаспаған құрамының алдын алу тексерулерін, диспансеризациясын, сонымен қатар қатерлі ісіктердің ерте диагностика заманауи скринингті әдіс шараларын күшейту;
  • салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау,  онкологиялық ауруларды жеке алдын алу шараларына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио, баспа ж.т.б.) арқылы халықтын жалпы білім деңгейін арттыру;
  • онкологиялық қызметті көрсету тиімділігінің негізгі критериилерінің 5-10% көбейту (бір жылдық және жалпы өлім көрсеткіштерінің азаюы,  аурудын асқынған түрлерінің төмендеуі, 5 жылдық өмір сүру көрсеткіштерінің артуы);
  • хирургиялық, дәрілік және сәулелі емдеу әдістерімен бірге кешенді және құрамдас емдеу әдістерін кеңінен енгізу;
  • қайта құру-қалпына келтіру және пластикалық хирургия заманауи әдістерін қолдана отырып клиникалық тәжірибеге хирургиялық технологиялардың мүшесақтаушы операцияларынан бастап кеңейтілген-құрамдас операцияларына дейін енгізу;
  • химиотерапияның жоғары мөлшерлік түрлі сұлбалар ыңғайын құрастыру,  дәрілік емдеудің жоғары уыттылығы тәртібінде колоноынталандырушы факторларды қолдануды кеңінен енгізу;
  • радиомодификаторлы газ қоспалары, брахиотерапия және радиохирургиямен үйлестіріп заманауи сызықты жылдамдатқыштарды қолданып сәулелі терапия  әдістерін әрі қарай жетілдіру.